Батысқазақстандық балғын өнерпаз «Балбөбек-2009» байқауынан бас жүлдемен оралды

ОРАЛ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық Жангелді Орынбасаров Астана қаласында өткізілген «Балбөбек-2009» балалар шығармашылығы байқауынан вокал жанры бойынша бас жүлдемен оралды.
None
None

Облыстық халық шығармашылығы орталығынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Жангелді БҚО-ның Сырым ауданынан. Сондай-ақ Бөрлі ауданының Шынар Қойшыбаева жетекшілік ететін «Қарлығаш» үлгілі би ансамблі аталмыш байқауда үшінші орынды еншіледі.

Өңірде балдырғандар өнерін шыңдап, үздіктерді анықтау мақсатында жылма-жыл «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі ұйымдастырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар