18:41, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Батысқазақстандық балғын теннисші республикалық турнирдің жеңімпазы атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық Мәдина Баекесова Ақтөбе қаласында теннистен 6-8 жастағы балалар арасында өткен республикалық турнирде жеңімпаз атанды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Мәдина облыстық теннистен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығып келеді.
Еске сала кетейік, халықаралық талаптарға сай келетін теннис кешені Орал қаласында тура бір жыл бұрын, Тәуелсіздік мейрамына орай ашылған болатын. Сөйтіп қазірдің өзінде балғын теннисшілер жүлде ала бастады.