19:18, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық балғындар жергілікті ақын-жазушылармен кездесті
ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты шара аясында «Бала шақтан - болашаққа» атты әдеби-музыкалық кеш болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық балалар құқығын қорғау департаменті ұйымдастырған шараға Оралдағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты. Кеште Орал қаласында тұратын Қайыр Бектұрғанов, Амангелді Шахин, Бауыржан Ғұбайдуллин, Мира Шүйінішәлиева сынды ақын-жазушылар балалар тақырыбына жазылған дүниелері туралы әңгімелеп, балаларға кітаптарын сыйға тартты.