Батысқазақстандық басшы «Қазақстан туризмін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды

ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фомин ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Қазақстан туризмін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
None
None

Орталық директорының орынбасары Гүлсім Усағалиеваның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл белгі оған ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін беріліп отыр. В.Фомин аталмыш орталыққа 1986 жылдан бері басшылық етіп келеді.

Биыл орталықтың құрылғанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай облыс көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар