Батысқазақстандық дәрігерлер «Болашақ» бағдарламасына сәйкес Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтті

ОРАЛ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық дәрігерлер «Болашақ» бағдарламасына сәйкес Оңтүстік Кореяда төрт ай бойы білімдерін жетілдіріп, оралды.
None
None

Бұл туралы 5 шілде күнгі брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов мәлім етті. Оның айтуынша, Оңтүстік Кореяда осы жолы барлығы 22 дәрігер тағылымдамадан өтсе, соның басым бөлігі (13-і) Батыс Қазақстаннан, төртеуі Ақтөбе, бесеуі Павлодар облысынан.

Брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ішкі аудит бөлімінің бастығы Дина Сыздықова, №5 Орал қалалық емханасының директоры Сәуле Бұлқашева, облыстық клиникалық аурухана директорының орынбасары Жұмабек Шайхиев, қан тамырлары хирургі Бақтияр Ташкенбаев, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының директоры Светлана Ермекқалиева және басқалар көрген-білгенін ортаға салды. Оңтүстік Кореяда жоғары технологияға негізделген медицина саласында сапаға айрықша мән беріледі. Бұл ретте тұрғындар алдын ала тексеруден өтуі тиіс. Мұндай тексеруден өткендерге мемлекет қолдау көрсетеді. Яғни ортақ жауапкершілік жоғары. Денсаулық сақтау ісін басқару, кадрларды іріктеу, мекемелерді аккредиттеу жақсы жолға қойылған.

Батысқазақстандық дәрігерлер енді Оңтүстік Кореядан алған тәжірибелерін күнделікті қызметінде жүзеге асыратын болады.

Соңғы жаңалықтар