Батысқазақстандық депутаттар жастар ұйымдары өкілдерімен кездесті

ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық мәслихатының депутаттары жастарды құқықтық оқытуға арналған айлық барысында жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
None
None

Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асыра бастаған жастарды құқық­тық оқытудың 2012-2013 жыл­дарға арналған жобасы мақсаты - жастардың сай­лауға қызығушылықтарын, бі­лім және ақпараттық технологиялар арқылы демократиялық үдерістерге қатысу тәжірибелерін арттыру.

Халық қалаулылары жиыл­ған жастардың ойларын тың­дап, түрлі сауалдарына жауап бер­ді. Жаңа буын өкілдері өз замандастарының электорал­дық белсенділіктерін арттыру ба­ғытындағы ұсыныстарын айтты. Сайлауға түсерде үміткер­лер өз сайлауалды бағдарлама­ларына жастардың мәселелерін қосса, жастар да қызығушылық танытар еді десті олар. Сондай-ақ кандидаттар теледидардан өзара дебаттар ұйымдастырса, түрлі мәселелерді талқылап, халықтың сұрақтарына жауап беріп отырса, дауыс берушілер саны артар еді деген де ойлар айтылды. Жастар ғаламторда уақыттарын көп өткізетіндерін айтып, депутаттар әлеуметтік желілерден өз парақшаларын ашса, халықпен ашық алаңда ат­қарған істерімен, жоспарларымен бөлісіп отырса деген ұсы­ныстарын да жасырмады. Өз кезегінде аға буын өкілдері жаңа идеяларды қолдайтындарын айтып, әсіресе, ауыл жастарының белсенділігін арттыру керектігін, осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылу қажеттіліне назар аударды.

Облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшардың ойынша, қазіргі жастар өте жаңашыл ойлайды. «Жас кезімізде біз ақ­паратты кітап пен газет, кино арқылы ғана қабылдайтын едік. Ал бүгінгі күн сайынғы ақпа­раттар ағыны жастардың көп нәр­сеге көзін ашып, жинақталған мағлұматтар олардың өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыруда. Бо­лашақтағы сайлауларға да белсенді қатысатындарына күмән жоқ. Жастар қоғамда саяси рөл атқару үшін олардың өкілдері аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттарда болғаны дұрыс деп есептеймін»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар