Батысқазақстандық дирижер Е.Нұрымбетов республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды

ОРАЛ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше Ақтау қаласында мәреге жеткен Маңғыстау топырағынан алғаш шыққан кәсіби дирижер,
None
None

домбырашы Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» республикалық дирижерлар байқауында Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы жанындағы Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов бас жүлдені жеңіп алды.

Б.Рзаханов кезінде Батыс Еуропа, орыс, қазақ композиторларының шығармаларын домбыраға лайықтап үш жинақ құрастырған. Сондай-ақ республикалық музыка училищелері үшін «Оркестрге бөліп жазу» және «Жеке аспапқа лайықтап түсіру» бағдарламасын қазақ тіліне аударған.

Дирижер әрі домбырашының шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқау төрт кезеңнен тұрды. Республика өңірлерінен келген дирижерлар М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның Абыл Тарақұлы атындағы ұлт аспаптар оркестрімен жұмыс жасап, өз деңгейлерін көрсетті.

Осыған дейін Ш.Қажығалиев, Н.Тілендиев және М.Төлебаев атындағы республикалық дирижерлар байқауының лауреаты атанған Е.Нұрымбетов осымен төртінші рет жоғары атаққа қол жеткізіп отыр. Бұл жолы ол жеңіс шыңына көтеріліп, бас жүлдені еншіледі.

Соңғы жаңалықтар