21:21, 16 Қазан 2016 | GMT +5
Батысқазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирде жүлдегер атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында 1996-1997 жылғы жастар арасында дзюдодан өткен «Азия кубогы» халықаралық турнирінде батысқазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және еліміздің барлық облыстарынан дзюдошылар қатысқан айтулы бәсекеде Арман Ерғалиев 90 кг салмақта жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медальді иеленді. Сондай-ақ Қазбек Жолдасқалиев 55 кг, Аңсарбек Ғайнуллин 73 кг салмақта қола жүлдегер атанды.
Дзюдошылардың бапкері Алтынбек Сұпығалиев екендігін айта кетейік.