19:00, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық гроссмейстер М.Қажығалиев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
ОРАЛ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев Ханойда өтіп жатқан жабық ғимараттағы ІІІ Азия ойындарының қола жүлдегері атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл додада ел намысын қорғаған Мұртас шахматтың шапшаң түрінен ( рапид ) сынға түскен болатын.
Оралдық белгілі шахмат шебері - көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы, соның ішінде Париждің екі мәрте чемпионы. Сондай-ақ 2006 жылы Дохада өткен жазғы Азия ойындарында блицтен жеңімпаз атанған болатын.