18:43, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Батысқазақстандық каратэші қыз Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды
ОРАЛ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Каратэ-додан Гонконгта кадеттер мен жасөспірімдер арасында өткізілген Азия біріншілігінен батысқазақстандық спортшы Влада Подмарева күміс жүлдемен оралды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, отыз команда қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Иран, Жапониядан кейін үшінші орынға көтерілді.
Каратэ-додан спорт шебері, Қазақстанның үш мәрте чемпионы В.Подмареваның бапкері - Асқар Досжанов.