10:44, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Батысқазақстандық кәсіпкер зардап шеккендер қорына 1 миллионнан астам теңге аударды
ОРАЛ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандық кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты, «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов су тасқынынан зардап шеккендер қорына 1 млн. 50 мың теңге аударды.
Оның айтуынша, мұны ол жарнама үшін емес, жүрек қалауымен жасаған. «Өңірдегі күрделі жағдайды ескере отырып, менің басқаруымдағы кәсіпорындар және өзімнің, тума-туысқандарымның атынан осындай шешім қабылдадық. Тек мұнымен шектеліп қалмай, күні ертең басталатын зардап шеккендерге жаңадан үй тұрғызу немесе қалпына келтіру жұмыстарына да араласып, көлік бөліп, көмектесетін боламыз», дейді депутат.
БҚО-да көмек қолын созушылар қатары көбейіп келеді. Айталық, Круглоозерный психоневролоогиялық медициналық әлеуметтік мекемесі - 248 мың, ҚР АШМ БҚО аумақтық инспекциясы - 252 мың, «Құрылысгаз» ЖШС 700 мың теңге аударды.
Қаржы аудару жалғасуда.