Батысқазақстандық кәсіпорыннан Ресейге ет жөнелтіле бастады

ОРАЛ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - 24 сәуірден Зеленов ауданы Янайкин ауылында орналасқан «Crown Батыс» ЖШС-ның 8640 басқа арналған мал бордақылау кешенінен сиыр еті жөнелтіле бастады.
None
None

«ҚазАгроӨнім» АҚ баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, етті сатып алушы ресейлік «Глобал-Фуд» ЖШҚ компаниясы. Бастапқы кезде қазіргі заманғы мал бордақылау кешенінен 100 тоннадай салқындатылған сиыр етін көрші елге шығару көзделуде. Жыл аяғына дейін бұл 500 тоннаға дейін жеткізілмек.

«Crown Батыс» ЖШС 2011 жылы 65 тонна етті Ресей Федерациясына жөнелткен болатын, алайда сол жылы өңірде аусыл дертінің шығуына байланысты оған тыйым салынды.

Мемлекеттік-жеке серіктестік аясында «Crown Батыс» ЖШС мен «Қазагро» холдингінің еншілес компаниясы - «ҚазАгроӨнім» АҚ бірлесіп жүзеге асырған жоба (құны - 3571,2 млн. теңге) 2010 жылғы желтоқсанда іске қосылған болатын. Оған 8640 басқа арналған мал бордақылау кешені, ет комбинаты, тоңазытқыш қондырғылары (қуаты - ауысымына 120 бас ірі қара), дән қоймасы бар құрамажем зауыты кіреді.

Қазіргі кезде мал бордақылау алаңында 3157 бас ірі қара бағылуда. 2014 жылы толық қуатына көшкен жағдайда кешен 2 мың тоннаға дейін экологиялық жағынан таза, жоғары сапалы сиыр етінің басым бөлігін Ресейге шығару көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар