Батысқазақстандық кеденшілер төрт айда бюджетке 8 млрд. 460 млн. астам теңге аударды

ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы Әмірхан Мауқұлов бастаған кеденшілер Ұлы Отан соғысы ардагерлері Николай Ветров,
None
None

Елемес Жүсіпов, Артықбай Шынғазиевтің үйлеріне барып, Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, майдангерлерге ескерткіш сыйлықтар табыс етіліп, олар жорық жолдары жөнінде әңгімелеп берді.

Кеденшілер биылғы төрт айда бюджетке 8 млрд. 460 млн. астам теңге кедендік төлем мен салықтың аударылғанын айтты, бұл - болжамды тапсырма 251 пайызға орындалды деген сөз. Тергеуалды тексеруге сәйкес қылмыстық және әкімшілік істер бойынша орны толтырылған залал көлемі 760 млн. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар