Батысқазақстандық қос мүгедекке «Даму-Көмек» бағдарламасы арқылы қайырымдылық көрсетілді

ОРАЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық қос  мүгедек Ақзипаш Нәукеева мен Павел Кочережкинге «Даму-Көмек» бағдарламасы арқылы қайырымдылық көмегі көрсетілді.
None
None

Зейнеткер, үшінші топтағы мүгедек А.Нәукеева үйде түрлі киім, басқа да бұйымдар тігумен айналысады. Ол тігін машинасы керектігі жөнінде «Даму» қорына өтініш білдірген. Оған өз аты-жөнін беймәлім қалдыруды жөн көрген оралдық кәсіпкер қолұшын созып, тігін машинасын алып берді. Бірінші топтағы мүгедек, «Арба» қоғамдық бірлестігінің мүшесі П.Кочережкин суретке түсірумен, ағаш бұйымдарын жасаумен айналысады. Оған кәсіби фотокамераны «Батыс Арна» ЖШС директоры Айнагүл Сәтбаева алып берді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалы бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері сайтқа мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің 32 өтінішін орналастырса, соның 18-і орындалған.

Соңғы жаңалықтар