Батысқазақстандық құтқарушылар кәсіби мейрамын атап өтті

ОРАЛ. 19 қазан. ҚазАқпарат - 19 қазан күні БҚО төтенше жағдайлар департаментінде құтқарушылардың кәсіби мейрамы аталып өтілді.
None
None

Департамент бастығы Қадыр Бисембаевтың атап өткеніндей, 19 қазан Қазақстандағы төтенше жағдайлар қызметі күні болып жарияланғаны мәлім. Осы күні 1995 жылы ҚР Президенті Жарлығымен төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды.

Осы кезеңде төтенше жағдай қызметі үлкен даму жолынан өтті. Департамент бастығы барлық құрылымдар жетістіктеріне тоқталды. Департамент құрамында төтенше жағдайдың алдын алу және зардаптарын жоюмен айналысатын тағы үш ұйым бар. Атап айтқанда, «Көліктегі медицина қызметі» АҚ, «Ақ Берен» филиалы, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы.

Қ.Бисембаев әріптестерін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ардагерлер атына да жылы лебіздер айтылды.

Салтанатты жиналыс суда құтқару қызметінде де өткізілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум