Батысқазақстандық мемлекеттік қызметкерлер өз табысын жария етуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақжайық ауданының әкімі Абай Иманғалиевтің айтуынша, оның лауазымдық жалақысы - 150 мың теңге. Орал қаласында жекешелендірілген үйі, көлік қоятын гаражы бар. Қазір аудан орталығында қызметтік үйде тұрады. Қала маңында екі саяжайлық жер телімі болғанымен, оларда ешқандай құрылыс нысандары жоқ.
Орал қалалық білім бөлімінің бастығы Дайыр Сапаровтың мәлімдеуінше, ол Оралға қызмет бабымен 2004 жылы Ақсай қаласынан қоныс аударған. Ақсайдағы үш бөлмелі жекешелендірілген пәтерін сатып, Оралдан жеке үй алған. Жеке көлігі, саяжайы жоқ. Жалақысы - 74 мың теңге, қызметтік көлікті пайдаланады.
Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бастығы Әли Мәсәлімовтің еңбекақысы - 100 мың теңге шамасында. Жеке көлігі, саяжайы жоқ. Қызметтік пәтерде отбасымен тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою, жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында аталмыш акция бұдан былай да жалғаса бермек.