14:29, 01 Мамыр 2010 | GMT +5
Батысқазақстандық оқу орындарында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді
ОРАЛ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы «Еуразия» академиясының «Еуразия» институтының студенттері М.Мәметованың мұражайы жанындағы «Фронтовичка» клубының мүшелерімен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Майдангерлер жорық жолдарынан естеліктерін айтса, оқытушылар мен студенттер соғыс жылғы әндерді шырқады. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде де майдангерлерге құрмет көрсетілді. Мұнда облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «БҚО ауыл жастары одағы» қоры «Жеңісті жақындатқан әуендер» атты әскери-патриоттық әндер фестивалін ұйымдастырды.
Орал қаласындағы №34 орта мектепте әскери-патриоттық әндердің облыстық байқауы өткізіліп, сайыс қорытындысында оралдық оқушылар жеңімпаз атанды. Жәнібек ауданы командасы - екінші, тасқалалықтар үшінші орынды еншіледі. Жеңімпаздар енді маусым айында Қарағанды қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады.