Батысқазақстандық оқушы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының маусымдық кезеңіне жолдама алды

ОРАЛ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 10-сынып оқушысы Еркежан Бекжан «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының апталық, айлық ойынында жеңімпаз атанып, маусымдық кезеңіне жолдама алды.
None
None

Еркежанның айтуынша, облыстық іріктеу Орал қа­ласында қазан айында өткен. «Бұл ойын білім-білігімізді сынауға зор мүмкіндік береді. Психологтармен жұмыс істеу өте қызық. Тренингтер өз-өзіңе сенімді болуға, жауапкершілікті сезінуге үйретеді. Бірақ түсірі­лім кезінде қобалжу байқалады. Жауапты біліп тұрып, тетікті басып үлгермей қалған кезде аздап өкініш те болады. Танымал журналист Дана Нұржігіттің ойынды жүргізуі қатты ұнады. Енді маусымдық ойынға дайындалудамын», - деді Еркежан.

Соңғы жаңалықтар