08:28, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық өнер ұжымдарына «халықтық» және «үлгілі» атақтары берілді
ОРАЛ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің қазанның 22-сіндегі бұйрығымен батысқазақстандық өнер ұжымдарына «халықтық» және «үлгілі» атақтары берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жоғары шығармашылық деңгейі мен орындаушылық шеберлігі үшін Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының Қабиевтер отбасылық ансамблі мен «Назқоңыр» фольклорлық ансамблі, сондай-ақ Тасқала ауданы «Жасдәурен» фольклорлық ансамблі енді «халықтық», Тасқала ауданы «Қиялдан» балалар би ансамблі мен Жаңақала ауданы «Гүлдәурен» балалар би ансамблі «үлгілі» атанатын болды. Сонымен бірге жиырма екі өнер ұжымының бұрыннан алған «халықтық», тағы бесеуінің «үлгілі» атақтары расталды.