Батысқазақстандық палуан қыз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық палуан қыз Екатерина Ларионова Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
None
None

Қола жүлде үшін бәсекеде ол 63 келі салмақта вьетнамдық Ли Тхи Хьенді қиналмай жеңді.

Әкесі Алексей Ларионов жаттықтыратын Екатерина - ересектер арасында Венгрияда өткен 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ ол кадеттер арасында Азия, әлем біріншіліктерінің жеңімпазы.

Спортшы қыздың айтуынша, әзірге жастар арасында күреске көбірек түскісі келеді. Ересектер арасында топ жару үшін аса асығудың қажеті жоқ.

Оның ендігі мақсаты - 2016 жылғы Рио-де-Жанейро олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғау болып отыр.

Соңғы жаңалықтар