Батысқазақстандық полицейлер 28 жасар жігітті өлтірген күдіктіні қолға түсірді

ОРАЛ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Орал қаласы Старая Набережная көшесіндегі үйден 4 наурыз күні 1985 жылғы А. деген азаматтың мүрдесі табылды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыс спирттік ішімдік ішу салдарынан болған. Күдікті өз үйінде аталмыш жігітпен сөзге келіп, ақыры кеуде тұсына асүй пышағын сұғып тынған. Оқиға орнынан пышақ пен жәбірленушінің сыртқы киімі алынды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен еш жерде жұмыс жасамайтын 42 жасар ер адам ұсталып, ҚР ҚК 132-бабына сәйкес уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар