Батысқазақстандық полицейлер арасында самбо күресінен біріншілік жеңімпаздары анықталды

ОРАЛ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық полицейлер арасында самбо күресінен біріншілік мәреге жетті.
None
None

Жарыстың ашылу салтанатында БҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметовтің атап өткеніндей, ішкі істер саласында спортқа, соның ішінде самбоға ерекше көңіл бөлінеді. Әр сақшы спортпен айналысып, өзін бабында ұстауы тиіс. Сондықтан мұндай жарыстар үнемі ұйымдастырылып келеді.

Чемпионатта барлығы сегіз салмақ дәрежесінде (57, 62, 68, 74, 82, 90, 100, 100-ден жоғары) 123 спортшы өнер көрсетті.  

Екі күн бойы тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша Орал қалалық ішкі істер басқармасының патрульдік полиция батальоны жеңімпаз атанса, ІІД жол полициясы басқармасына - екінші, Орал қалалық ішкі істер басқармасының командасына үшінші орын бұйырды. Жекелеген салмақ дәрежесі бойынша 57 келіге дейін Д. Мұқанов (Орал қ. ІІБ), 62 келіге дейін А.Серікқали (МКҚБ), 68 келіге дейін Н.Кенжеғарин (Теректі), 74 келіге дейін М.Бисенғалиев (ІІД аппараты), 82 келіге дейін Е.Мұсағалиев (Орал қ. ІІБ ППБ), 90 келіге дейін А.Нұрмұханов (Орал қ. ІІБ ППБ), 100 келіге дейін А.Ишақатов (ІІД ЖПБ) және 100-ден жоғары салмақта Р.Халелов (ІІД ЖПБ) жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаздарға БҚО бойынша «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы атынан дипломдар, кубоктар, медальдар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар