18:40, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық самбошы Е.Байбатыров Грекияда өтетін әлем чемпионатына қатысады
ОРАЛ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық самбошы Ерболат Байбатыров Грекияның Салоники қаласында қарашаның 6-8-інде өтетін әлем чемпионатына қатысады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл - Ерболаттың ересектер арасындағы екінші біріншілігі. Өткен жылы Санкт-Петерборда өткен самбодан әлем чемпионатында ол 52 килә салмақта топ жарған болатын. Сөйтіп Батыс Қазақстан облысынан Асқар Шайхиев пен Қоныс Жетпісовтен кейінгі үшінші әлем чемпионы атанған еді.
Енді жиырма үш жастағы Ерболат Байбатыровтың екінші мәрте үздік шығуға мүмкіндігі бар. Оның бастапқы бапкері Қазбек Ибрашев болса, одан кейін Райымбек Меңдіғалиев пен Берік Жұмағалиев шыңдап келеді.