Батысқазақстандық шекарашылар жүксалғышқа жасырынып өтпек болған армян азаматын ұстады

ОРАЛ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Шаған» бақылау-өткізу бекетінде шекарашылар, лейтенант Мерей Несіпбаев пен кіші сержант Ержан Мұхамбетов жуырда «Лада-2114411040» автокөлігінің жүксалғышынан адам «тауып алды».

Батысқазақстандық шекарашылар жүксалғышқа жасырынып өтпек болған армян азаматын ұстады

Сөйтсе, 2029-әскери бөлім командирі, полковник С.Смағұловтың хабарлауынша, Арменияның 1976 жылғы азаматы Серго Шахназариян құжаты жоқ болғандықтан, шекарадан осылайша асуды жөн көрген екен. Онысы жүзеге аспай, ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің тергеу изоляторынан бір шықты.

Сондай-ақ батысқазақстандық шекарашылар «Сырым» бақылау-өткізу бекетінде «Дэо Нексия» автокөлігімен Қазақстанға келе жатқан Никарагуаның 1990 жылғы Вадо Ариел Давид есімді азаматын тоқтатты. Оның да құжаты (визасы) болмағандықтан, Ресейге кері қайтарылды. Ал осы бекетте Қазақстанда болу ережесін бұзған өзбекстандық, 1979 жылғы Зиевуддин Жанаев көші-қон полицейлерінің қолына берілді.