17:47, 28 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Батысқазақстандық сот орындаушылары мен жол полициясы бірлескен іс-шаралар жүргізуде
ОРАЛ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандық сот орындаушылары сот актілерінің тиімді атқарылуы үшін облыстық жол полициясы басқармасымен бірлескен іс-шаралар жүргізуде.
Облыстық соттар әкімшісі айыппұл өндіру бөлімінің бастығы Уәли Дүйсенғалиевтің айтуынша, арнайы жоспарға сәйкес қыркүйектің 15-30-ы аралығында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Осыған сәйкес жедел топтар құрылып, рейд барысында іздеуде жүрген көліктер бірден тоқтатылып, тұтқындалады. Мұндай шараның нәтижелі болары сөзсіз.
Өткен жылы «Мемлекет кірісін өндіру» акциясы ұйымдастырылып, 8,5 миллионнан астам теңгеге 3132 атқару құжаты орындалған болатын.
Жалпы, биыл соттар әкімшісіне жыл басынан бері 12500 атқару құжаты түсіп, соның сегіз мыңдайы орындалды. Мұндағы сома мөлшері 45 млн. теңгені құрады.