Батысқазақстандық студент «Ілияс әлемі» республикалық жастар фестивалінен жүлделі оралды

ОРАЛ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-курс студенті Наурызбек Лесов Талдықорған қаласында өткен «Ілияс әлемі» атты республикалық жастар фестивалінен екінші жүлдемен оралды.
None
None

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ұйымдастырған аталмыш байқауға еліміз ЖОО-ларынан студенттер мен магистранттар шақырылып, алты аталым бойынша сынға түскен. Олардың қатарында БҚМУ-дің бір топ студенті де бақ сынаған еді.

Наурызбек Ілияс Жансүгіровтің поэзиялық және прозалық туындыларын мәнерлеп жатқа оқудан «Сұлу сөздің сүлейі» аталымы бойынша үздіктердің бірі атанды.

Соңғы жаңалықтар