Батысқазақстандық судья «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» атанды

ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Боранбаев ҚР Жоғарғы соты мен Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің шешімімен көп жылғы еңбегі мен мемлекеттік қызметті мінсіз атқарғаны және еліміздің сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Е.Боранбаев ? облыста осындай құрметті атаққа ие болған сот жүйесінің бірінші өкілі. Оған бұл атақ сот билігіндегі халықтық дәстүрді дамыту мен насихаттауға белсенді үлес қосқаны үшін де беріліп отыр. Бұл орайда ол көптеген құнды ұсыныс жасап, республикалық және жергілікті басылымдарда билер соты жөнінде бірнеше мақала жариялады. Облыстық соттың қылмыстық істер алқасын да басқарған Есенбай Нұрлыбаев - қазіргі кезде қадағалау алқасының судьясы.
Соңғы жаңалықтар