Батысқазақстандық тағы екі жауынгердің деректері табылды

ОРАЛ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысынан Ұлы Отан соғысында опат болған екі жауынгердің сүйектері табылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Әбдіхалық Айғужиев 1904 жылғы қарашаның 28-інде дүниеге келген, бұрынғы Чапаев ауданы Шалқар ауылында туып-өскен. 1912 жылғы қарашаның 20-сында өмір есігін ашқан Рахым Көшкінбаев та - осы ауылдың түлегі. Аталмыш басқарма сарбаздардың ағайын-туыстары болса, хабарласуын өтінеді.

Биыл Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында бұрынғы Фурманов ( қазір Жалпақтал ) ауданынан әскерге алынып, хабарсыз кеткен Ақболат Камаловтың қайда жерленгені анықталған болатын. Оның қос ұлынан тараған ұрпақтары Батыс Қазақстан облысында тұрып жатыр.

Соңғы жаңалықтар