11:18, 07 Мамыр 2013 | GMT +5
Батысқазақстандық тарихшы-ғалымның 90 жылдық мерейтойы аталып өтті
ОРАЛ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде белгілі ғалым, тарихшы, Ұлы Отан соғысының ардагері, осы оқу орнында көп жыл ұстаздық еткен Павел Букаткиннің 90 жасқа толу мерейтойына арналған конференция өтті.

Мерейтой иесін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы құттықтады, қарияның иығына шапан жауып, ілтипат көрсетті.
Ардагерлер Павел Романовичтің өмір жолы, ғылыми ізденістері жайлы сөйледі. Оқу орнының ғалымдары тарихшының ғылыми еңбектері жайлы баяндамалар оқыды.
Көрсетілген құрметтерге алғысын жаудырған Павел Букаткин өзінің зерттеулеріне арқау болған Ұлы Отан соғысы тақырыбына қалай келгенін әңгімелеп берді. Бұл әсерлі кештен зал толы жастар ғибрат алды.