16:27, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Батысқазақстандық театр жаңа маусымды «Махамбетпен» бастады
ОРАЛ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры өзінің кезекті маусымын кеше Иран-Ғайыптың «Махамбетімен» бастады.

Аталмыш қойылымды кезінде республикаға белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов сахналаған болатын.
Театр директоры Құжырғали Төлеуішевтің айтуынша, театрда биыл жаңа қойылымдар да көрермендер назарына ұсынылмақшы. Атап айтқанда, Қ.Қуанышбаев атындағы Астана музыкалық драма театрының режиссері, БҚО түлегі Нұрлан Жұманиязов таяуда Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кемесін» сахналауға кіріспек. Театрдың бас режиссері Мұқанғали Томанов қазан айының соңына таман атақты драматург Григорий Гориннің «Атың өшкір, Герострат» («Забыть Герострата!») атты әйгілі шығармасын (аудармашы Қ.Төлеуішев) қолға алмақшы. Маусым барысында бұдан басқа да қойылымдардың премьерасы болмақшы.