Батысқазақстандық университет бекіре өсіруді қолға алды

ОРАЛ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Парасат» ғылыми-технологиялық ұлттық холдингі» АҚ-мен біріге отырып, «Бекіре тұқымдас балықтарды өсірудің аквамәдени технологиясын дайындау және құрал-жабдықтарды жасау» жөніндегі инновациялық жобаны іске асыруда.
None
None

Оралда салынатын тұйық жүйелі су кешенінің басты ерекшелігі мұнда шабақ­тар уылдырықтан алынбақ. Соны өсі­ру арқылы тауарлық өнім алу жоспарланған. Ғалымдардың айтуынша, мұндай технология­ның шығыны аз, су мен электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік бе­реді. бекіре табиғи ортамен салыстырғанда жабық кешенде екі есе жылдам өседі. Жоба ғылыми негізде жүзеге асы­рылатындықтан, өнімнің са­­пасы да жоғары болмақ. Кешенде өсірілген шабақтардың 10-15 пайызын салмағы 150-250 грамм тартқанша өсіріп, жыл сайын Жайыққа жіберетін болады. Сонда олар судағы жырт­қыш балықтарға жем бол­май, өсіп-өнеді. Сонымен қа­тар аталмыш шара өңірдегі экологиялық түйткілді шешуге, Жайықтағы балық қорының көбеюіне әсер етеді. Университет ғалымдары жеті жыл бұ­рын ыңғайластырылған орын­да бекіре тұқымды балық өсі­ру жұмыстарын қолға алды. Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Серғалиев­тің айтуынша, жобада балық өсірудің тіиімділігін арттыруға қатысты жергілікті ғалымдардың ғылыми жобалары пайдаланылады. Аквамәдениет зауытында жылына 8 тонна қара уылдырық, 65 тонна бекіренің еті өндірілетін болады. Өндіріске қажетті ихтиолог-мамандарды университет өзі даярлайды.

Қазіргі уақытта универси­тет­тің аквамәдени кешенінде әрқайсысына 7-9 текше метр су сыятын 30
шақ­ты сыйымдылық­ бар. Олардың барлығында да бекіре тұқымдас 2 мыңға тарта балық өсірілуде.

Соңғы жаңалықтар