Батысқазақстандық университет халықаралық аккредиттеу сынағынан сәтті өтті
2010 жылғы сәуірдің 1-і мен шілденің 15-і аралығында университетте түлектерді даярлаудың мазмұны мен сапасының халықаралық білім беру стандарттарына, соның ішінде жоғары білім сапасын АККОРК Еуропалық ассоциацияның стандарттары мен ұсыныстарына сәйкестігі сарапталған болатын. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім берудің негізгі білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу бакалавр мен магистратураға жүргізілді. Халықаралық аккредиттеу нәтижесінде университеттегі «Аграрлық техника және технология», «Агрономия», «Құрылыс», «Экономика», «Ветеринарлық медицина», «Ветеринарлық санитария», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтары еуропалық стандарттарға сәйкес екендігін дәлелдеді.
Университет ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай Бозымов оқу орнының бұл жетістігін профессор-оқытушылар қауымының, қызметкерлердің бірлескен еңбегінің жемісі екендігін атап, алда ұлттық аккредиттеуге дайындық жұмыстарының жүретіндігін айтты.
Таяуда университет басшысы Италия еліндегі Болоньяда университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған болатын. Әлемнің Албания, Австралия, Бахрейн, Колумбия, Египет, Венесуэла, Косово, Грекия, Италия, Қырғызстан, Ресей, Украина, Түркия, Португалия секілді елдерімен бірге Қазақстан жоғары оқу орындары да Ұлы Хартияға кірді. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ қол қойған қазақстандық 12 жоғары оқу орнының қатарынан орын алды.