Батысқазақстандық университет ұжымы облыс әкімінің есептік кездесуін он-лайн режимінде көрді

ОРАЛ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - 3 наурыз күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ғимаратында тұрғындармен болған есептік кездесуін он-лайн режимінде көрді.
None
None

Университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтановтың айтуынша, өңірде күні бүгінге дейін облыс басшысы Нұрлан Асқарұлының қатысуымен 447 есеп беру жиналыстары өткен болса, бұл кездесу солардың барлығын саралап, қорытындылап қана қоймай, болашақ міндеттерді де нақтылап берді. Билік пен халық арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған мұндай кездесулердің білім-ғылым саласының мамандары үшін маңызы орасан зор.

«Барлық аудандарда және Орал қаласында өткен есептік жиналыстарда жұртшылық тарапынан көтерілген өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін нақты іс-шаралар жоспары жасақталып, орындалатынын естіп, қуанып қалдық. Нұрлан Асқарұлы облыс тізгінін қолына алған ең алғашқы күндерден бастап, «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген ұлағатты өсиетті бойтұмарындай берік ұстайтындығын анық аңғартты», - деді А.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар