Батысқазақстандық университетте ардагер ұстаздарды еске алды

Шараға бүгінде қатарда жоқ ардагер оқытушылардың жұбайлары, ұрпақтары арнайы шақырылды. Қонақтар алдымен университет ректоры, ғылым докторы, профессор Қазыбай Бозымов пен облыстық орталық мешітінің найб-имамы Самат Әлібайұлының бастауымен Ысқырықтау аумағындағы зират басына барып, марқұм болған барлық ардагерлердің және университет ректоры болған Сергей Жұбаевтың әруағына құран бағыштады. Зират басынан оралған шара қонақтары 108 ардагердің фотосуреттері ілінген «Рухына тағзым етеміз...» атты стендіні тамашалады.
Ас беру дастарханында сөз алған университет ректоры Қ.Бозымов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әскербек Шамғонов, Әмірхан Қарасаев, Тілекжан Рысқалиев және басқалар елу жылдық белеске көтерілген оқу орнының ардагерлерімен бірге жұмыстас болған кездерді ерекше бір сезіммен әңгімеледі.
Шақырылған қонақтар да көрсетілген ықылас-ілтипатқа риза болып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.