Батысқазақстандық университетте Ж.Молдағалиев атындағы «Жас қалам» әдеби бірлестігі ашылды
Университет ректоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Тұяқбай Рысбеков биыл туғанына 90 жыл толып отырған Жұбан Молдағалиевтің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мол екендігін, оның алғашқы өлеңдері облыстық «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде жарияланғанын, өзі майданда газет тілшісі болғандығын, ақындық қыры ғана емес, мемлекет және қоғам қайраткері ретіндегі ретінде тұлғасы да зерттеуді қажет ететіндігін атап өтті. Белгілі әдебиетші-ғалым, профессор Серікқали Шарабасов ақынның жырлары мәңгілік екендігін айтса, студенттер өлеңдерді жатқа оқыды. Бірлестік төрағасы болып қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Азамат Мамыров сайланды.
Алдағы уақытта бірлестікте жазуға бейімі бар жастардың шығармашылығы талқыға түсіп, үздік туындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.