Батысқазақстандық университетте жұмыс берушілер мен түлектер бас қосты

ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жұмыс берушілер мен түлектер бас қосты.
None
None

Онда негізінен жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Университет ректоры Қазыбай Бозымов жиналғандарды аталмыш оқу орнының жетістіктерімен қысқаша таныстыра келіп, университет түлектерінің жұмыспен қамтамасыз етілу жайына да тоқталып өтті. Ректордың айтуынша, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында әлеуметтік қорғау орындарының ұйымдастыруымен және жұмыс берушілердің көмегімен университетті өткен жылы бітірген 1270 түлектің 300-ге жуығы жұмысқа орналастырылған.

Университетті биыл тәмамдайтын 1374 жастың 620-сы ауыл шаруашылығы саласына маманданған. Бітіруші түлектер арасында жүргізілген сауалнама олардың 300-ге жуығының жағдайы жасалса, ауылға барып жұмыс істеуге ынталы екенін анықтады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен байланысқа шыққан университет ұжымы қазірдің өзінде 200-ге жуық түлектеріне жұмыс орнын тапты. Негізінен мал дәрігерлері мен зооинженерлерді және агрономдарды қабылдауға ықылас білдірген жұмыс берушілер аталған мамандар ауылға келсе, оларға барлық жағдайдың жасалатынын айтты. Форум соңы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне ұласты.

Соңғы жаңалықтар