11:12, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Батысқазақстандық жасөспірімдер халықаралық турнирден жүлдемен оралды
ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандық жасөспірімдер Орынбор қаласында 1999-2000 жылғылар арасында А.Ларионовты еске алуға арналған футболдан халықаралық турнирден табыспен оралды.
«Ақжайық» футбол клубынан Арсен Ғұбашевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталмыш жарысқа барлығы сегіз команда қатысқан. БҚО құрамасы өз тобында үздік атанып, финалға шықты. Мұндай жарысқа бірінші рет қатысқанына қарамастан, батысқазақстандықтар турнир қорытындысында жүлделі үшінші орынды еншіледі. Ал Даниил Кочнев үздік шабуылшы атанды.