12:50, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батысқазақстандық «жасотандықтар» «Жас дәурен» балалар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты Орал қаласындағы «Жас дәурен» балалар үйінде Жаңа жыл мерекесіне арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі Афиза Семғалиеваның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, «жасотандықтар» балалар үшін концерт қойып, көңілді ойындар ұйымдастырды. Барлығы 60 балдырған қатысқан шарада оларға сыйлықтар да үлестірілді.
«Жасотандықтар» мұндай шараларды алдағы уақытта да ұйымдастырмақшы.