10:31, 01 Тамыз 2012 | GMT +5
Батысқазақстандықтар Ақтөбеде пауэрлифтингтен өткен ел біріншілігінен олжалы оралды
ОРАЛ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында пауэрлифтинг және жатып көтеруден жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатынан батысқазақстандықтар олжалы оралды.

Аталмыш жарысқа еліміздің барлық аймағынан 300-ден астам жас спортшылар қатысты. Оралдағы №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен бұл чемпионатқа 5 спортшы барған болатын. 53 келі салмақта Александр Тюриков республика чемпионы атанды, сонымен қатар ҚР спорт шебері нормативін орындады. 59 келі салмақта В.Сурский екінші, 74 келі салмақта Рустам Күнтуғанов жүлделі үшінші орынға көтерілді.