Батысқазақстандықтар саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алды

ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 31-інде Батыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шаралар ұйымдастырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс орталығы Оралдағы қалалық бейітте саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, дұғалар бағышталды. Бұл рәсімге облыс, қала басшылары қатысты. Бұл күні сондай-ақ Оралдағы Жаһанша Досмұхамедовтің мүсіні, Шахзада Шонанова, Есет Тоқсановтың ескерткіш тақталары да ұмыт қалған жоқ. Осындай шаралар аудандарда да өткізілді. Облыста тек 1937-1938 жылдары ғана мыңнан астам адам атылған. Бұлардың ең жасы «Қазақ халқын құтқару одағын» құрған жалпақталдық жастардың жетекшісі, он сегіз жасар Ғұбайдолла Әнесов болса, сол кезде сексен жастағы Мария Мазанова мен Бақтыгерей Бегатаров та зобалаңнан аман қалған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
Референдум