Батысқазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылы тұрғындарына көмек ретінде 67 млн. теңге аударды

ОРАЛ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылы тұрғындарына көмек ретінде 67 млн. теңге аударды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, облыс әкімдігі 50 млн. теңге аударса, қалған қаржы мекеме-ұйымдар қызметкерлерінің бір күндік жалақылары есебінен құралып отыр. «Қызылағаштықтар қайғысы бәрімізге ортақ. Олардың аяқтарынан тік тұрып кетуіне бүкіл ел жұмыла көмектесуде. Сондықтан қайырымдылық ісі облыс көлемінде бұдан былай да жалғасатын болады», деді Н.Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар