Батысқазақстандықтар Ұлттық бірлік доктринасын мақұлдауда

ОРАЛ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданында актив жиналысы өткізіліп, онда Қазақстан халқы Ассамблеясы ХV сессиясында Елбасы ұсынған Ұлттық бірлік доктринасы мақұлданды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Өтеміс Мырзағалиевтің төрағалығымен, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаевтың қатысуымен өткен жиынға қатысушылар қазіргідей кезеңде ел бірлігін қамтамасыз етудің маңызы зор екендігін атап көрсетті.

Осындай жиналыс Мерей ауылдық округінде де өткізілді. Онда Қ.Төлебаев ұлтаралық және дінаралық келісімді одан әрі нығайту, ұлттық құндылықтарды құрметтеу, мемлекеттік тілді оқып-үйрену турасында өз ойларын айтып, қойылған сауалдарға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар