Батысқазақстандықтар Жеңіс мейрамын кеңінен тойлауда

ОРАЛ. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Ұлы Жеңістің 66 жылдығы кеңінен аталып өтілуде.
None
None

Жеңіс күніне арналған шаралар облыс орталығында, барлық аудандарда ұйымдастырылып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.

Бүгін мерекелік бағдарлама Орал қаласында Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Аталмыш алаңда Батыс Қазақстан облысынан шыққан Кеңес Одағы Батырлары мен Даңқ ордені толық иегерлерінің бейнелерімен қатар соғыста мерт болғандардың есімдері мәрмәр тақтаға қашалып жазылған.

Осында әскери бөлімдер салтанатты сап түзеп, облыс, қала басшылары жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ бүгін дәстүрлі «Жауынгер ботқасы» атты театрландырылған көрініс қойылып, кешкісін Абай алаңында концерттік бағдарлама отшашуға ұласады.

Жеңіс күніне арналған басқа да мәдени-спорттық шаралар өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар