Бауыржан Момышұлының туған жерінде халық батыры туралы фильм көрсетілуде

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бауыржан Момышұлының туған жерінде, Жамбыл облысының Жуалы ауданында халық батыры туралы фильм көрсетілуде.
None
None

Жергілікті басылымның тілшісі Гүлмиа Дембаеваның айтуынша, жуалылықтар Жеңістің 65 жылдығын және Кеңес Одағының Батыры, қолбасшы, жазушы, қазақтың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығын тойлауға белсенді атсалысуда.

«Жергілікті автоклубтың, сондай-ақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы халық шығармашылығы орталығының қызметкердері ауыл мектептерін аралап, «Қазақстан» телеарнасы түсірген «Ұлы Жеңіс» және «Бауыржан Момышұлы - 100 жаста» деректі фильмдерін көрсетуде.

Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерліктері, сондай-ақ Баукеңнің жоғары тұлғалық қасиеттері туралы баяндайтын бұл фильмдер өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейді», - дейді Г.Дембаева.

Соңғы жаңалықтар