Баянауыл аудандық «Баянтау» газеті өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті

Газет ұжымын мерейтойымен облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтады. Оны атап өтуге газеттің оқырмандары, елдің басқа да өңірлерінен қонақтар келді, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Аудандық газеттің алғашқы саны 1931 «Ленин туы» деген атаумен шыққан болатын, оған баянауылдықтардың атақты жерлесі, этнограф, философ және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп Көпеев батасын берді.
Газеттің алғашқы редакторы Ғалым Майлыбаев болды, осында халық жазушысы Дихан Әбілов, талантты журналист және жазушы Сүлеймен Баязитов, Павлодар мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі Қырықбай Алдабергенов өздерінің шығармашылық жолын бастады.
Соңғы 40 жыл бойы «Баянтау» газетінің редакторы қызметін Шәкірат Шалбай атқарып келеді, ол 1960 жылы осында 17 жасында корректор болып қызметке алынған болатын. Газет оқырмандарының арасында зор беделге ие болып келеді. «Осы жылдар ішінде сіздер ұжмдық шығармашылық рухын сақтай отырып, сабақтастықты жалғастырдыңыздар, - деп атап өтті аймақ басшысы. - Тәжірибелі журналистер қатарын жастар толықтыруда, олар басылымның дәстүрлерін жалғастырып, аудан өмірін шынайы жазып көрсетуде қалам қайратын танытуда».
Б.Сағынтаев Ш.Шалбайға «Павлодар облысы алдындағы сіңірген еңбегі үшін» белгісін тапсырып, автомобильдің кілтін сыйлады.
«Баянтаудың» мерейтойы концертпен және бәйге жарысымен аяқталды.