11:25, 03 Қаңтар 2012 | GMT +5
Баянауыл тауларында шаңғы тебушілер үшін аспа жол салынды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы Жасыбай көліне жақын орналасқан Баянауыл тауларында Жаңа жыл қарсаңында «Шаңғы төбешігі» деп аталып кеткен аспа жол орнатылды.
Көтергіш шаңғышыларды 300 метр биіктікке көтереді, ал одан кейін биік таудан шаңғымен түсуге болады.
«Шаңғы төбешігі» балалар мен ересектер арасында танымал. Осында жеке бұйымдарсыз да келуге болады - шаңғыны көтергіш қасында ашылған жалға алуға мүмкіндік бар. Қорда - 40 жұп шаңғы бар, қарлы таулардағы қызықты демалыс үшін жалға алу бағасы -200 теңгені құрайды.