Баянауыл ұлттық табиғи саябағының басшысына 15 млн. теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баянауыл аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы» республикалық мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

Сот үкімімен Республикалық мемлекеттік мекеме басшысы Р. ҚР ҚК-нің 366 бабы 2 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік және азаматтық қызметте лауазымға ие болу құқығынан өмір бойына айырумен 15 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар аталған республикалық мемлекеттік мекеме бөлімі басшысы қызметінде болған азамат И. ҚР ҚК-нің 28 бабы 4 бөлігімен және 367 бабы 2 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған осы бап бойынша мүлкін тәркілеусіз, мемлекеттік және азаматтық қызметіне лауазымға ие болу құқығынан өмір бойына айырумен 5 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум