Баянауылда қазақтың атақты билеріне ескерткіш ашылды

ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Баянауылда (Павлодар облысы) қазақтың XVII-XVIII ғасырлардағы мемлекет қайраткерлері Шоң би Едігеұлына және Шорман би Күшікұлына ескерткіш ашылды.
None
None

Қазақстан тарихы мен баянауылдықтардың есінде қалған ықпалды билердің образын мүсінші Жаубасар Қалиев сомдады. Дана билердің тұғыры ауыл орталығында орналасты.

Ескерткіштің ашылуына Шоң би мен Шорман бидің ұрпақтары, ауыл ақсақалдары, жазушы Қалмұқан Исабаев және аудан әкімі Ернұр Әйткенов қатысып, аймақ өміріндегі мерекелік оқиға болды.

Аудандық мәдениет үйінде «Балалар рухына тағзым» мәслихаты өтті, соңынан «Мұса мырза» мешітінде қасиетті аруақтар рухына құран оқылып, ас берілді.

Соңғы жаңалықтар