Баянауылда мектептерді жөндеу жұмыстарына оның қызметкерлері тартылғаны анықталды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бақылаушы орган Баянауылдағы екі мектепте жүргізілген жөндеу жұмыстарына оқытушылар мен техникалық жұмысшылардың мәжбүрмен тартылу фактілерін анықтады, деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.
None
None

Еңбек кодексі бойынша, өзінің негізгі қызметінен қоса, басқа қосымша жұмыс атқарған қызметкерге, ол негізгі қызметінен босатылмаса, қосымша төлем жасалуы керек.

Бірақ, білім ошақтарын жөндеу жұмыстарына жыл сайын бюджет қаражаты бөлінетіндігіне қарамастан, ҚР еңбек заңнамасының талаптары бұзыла отырып, әлгі мектептердің жұмысшыларына қосымша ақы төленбеген болып шықты.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Баянауыл ауданының прокуратурасы аудан әкімінің атына ұйғарым енгізді, нәтижесінде мектеп директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар