08:45, 19 Тамыз 2010 | GMT +5
Баянауылда туристердің «Ертіс меридианы - 2010» атты республикалық слеті ашылады
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бейсенбі, тамыздың 19-ы күні Баянауыл тауларында Қазақстан мен ТМД туристерінің «Ертіс меридианы - 2010» атты республикалық слеті ашылады, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Төрт күн бойы Қазақстан мен Омбы облысы аймақтарынан келген 22 команда жеке-командалық құрамда сайыстардың көп түрі бойынша жарысатын болады.
Жарыстардың негізгі мақсаты - спорттық туризмді дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастырып, интернационалдық достықты нығайту, патриотизм мен табиғатты аялауға тәрбиелеу болып табылады. Слет ҚР Конституциясы Күні мен Жеңістің 65 жылдығына арналады.